MCPNew: now works with Claude & AI assistants
Nazarbayevuniversity1

Nazarbayevuniversity1

Көшбасшылық, студенттердің тартылуы және әскери есеп жөніндегі менеджер, Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті (жұмыста уақытша болмаған қызметкерді алмастыру кезеңіне)

Company

Nazarbayevuniversity1

Role

Көшбасшылық, студенттердің тартылуы және әскери есеп жөніндегі менеджер, Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті (жұмыста уақытша болмаған қызметкерді алмастыру кезеңіне)

Location

Astana, ASTANA, kz

Job type

Full-time

Found on Mokaru

4 days ago

Share this job

Salary

Not disclosed by employer

Job description

Міндеттер (мақсаттар, негізгі жауапкершілік салалары және функциялар):

1. Студенттік жобалар мен бастамаларды ұйымдастыру және сүйемелдеу:

  1. Сабақтан тыс студенттік іс-шараларды, соның ішінде мектепаралық, жоғары оқу орындары арасындағы және серіктестік жобаларды жоспарлайды, үйлестіреді және сүйемелдейді.
  2. Студенттерді іс-шараларға қатысуға тартады, олардың идеяларын қолдау жүйесін қалыптастырады, жобалық қызмет мәселелері бойынша консультация береді.
  3. Студенттік ұйымдар жобаларының өмірлік циклін қадағалайды.

2. Студенттік ұйымдар мен өзін-өзі басқаруды қолдау:

  1. Студенттік ұйымдарға даму, ішкі құрылым және Университет әкімшілігімен өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде консультация береді.
  2. Жаңа студенттік бірлестіктерді тіркеуге және оларды сүйемелдеуге жәрдемдеседі, Бөлімшенің құзыреті шеңберінде олардың операциялық қызметін қолдайды.
  3. Өз құзыреті шеңберінде студенттік өзін-өзі басқару органдарына (оның ішінде Студенттік үкіметке) әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

3. Студенттік өмірдің ақпараттық ресурстарын басқару:

  1. Студенттік портал мен Университеттің корпоративтік веб-сайтындағы "Студенттік өмір" бөлімін үйлестіру мен дамытуға жауапты.
  2. Университеттің әкімшілігі мен студенттер арасындағы коммуникацияның цифрлық арналарын дамытады, олардың қолжетімділігі мен тартылуын қамтамасыз етеді.

4. Студенттік бірлестіктер бойынша талдау және дерекқор жүргізу:

  1. Студенттік ұйымдардың қызметі мен студенттердің қатысу деңгейі туралы статистикалық деректерді жинауды, құрылымдауды және талдауды жүзеге асырады.
  2. Студенттік бірлестіктердің дерекқорын жаңартады және дамытады, оның дұрыстығы мен өзектілігін қадағалайды.
  3. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша талдамалы есептер мен жинақталған мәліметтерді қалыптастырады, басшылық шешім қабылдауы үшін ақпарат ұсынады.

5. Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, білім алушылардың әскери есебін жүргізу:

  1. Студенттік жобаларды іске асыру және оқудан тыс ортаны жақсарту мақсатында Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді.
  2. Студенттік бастамаларды қолдау мәселелері бойынша академиялық және әкімшілік қызметтермен байланыс орнатады.
  3. Студенттердің сыртқы іс-шараларға (олимпиадалар, конференциялар, байқаулар, форумдар және т.б.) қатысуын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
  4. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар қалыптастыру және студенттік саясаттағы өзгерістерді негіздеу үшін аналитикалық деректерді пайдаланады.
  5. Студенттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару қызметін реттейтін нормативтік құжаттар мен рәсімдерді әзірлеуге қатысады.
  6. Білім алушылардың әскери есебін ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті мәліметтердің жиналуын, жаңартылуын және уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.):

1) Менеджмент, білім берудегі басқару, іскерлік әкімшілендіру, мемлекеттік басқару салаларындағы жоғары кәсіби білім;

2) жобаларды басқару бойынша сертификаттардың (PMI, IPMA сияқты) болуы артықшылық болып табылады.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

1) кемінде 3 жыл

2) тиісті салада магистр дәрежесі болған жағдайда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.

 

 

 

Білімге, дағдыларға, құзыреттерге қойылатын талаптар:

Білімі:

1) Қазақстан Республикасының білім, мәдениет және жастар саясаты саласындағы заңнамасын білу;

2) Солтүстік Америка мен Ұлыбританияның білім беру жүйелерін білу;

3) MS Office Word, Excel, PowerPoint бағдарламаларын қолдана білу;

4) тарту, фасилитация және студенттік бастамаларды қолдау әдістемелерін білу;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

Дағдылары:

1) көп компонентті студенттік жобаларды жоспарлау және оларды басқару дағдылары;

2) студенттік көшбасшыларға тәлімгерлік жасау және оларды сүйемелдеу;

3) оқыту кездесулерін, презентациялар мен фасилитациялық сессияларды өткізу дағдылары;

4) талдамалы жазбаларды, түсіндірме анықтамаларын және презентацияларды дайындау дағдылары.

Құзыреттері:

1) Жобаларға дербес бастама жасап, оларды алға жылжыту қабілеті;

2) Студенттермен және әріптестермен нәтижелі өзара әрекет орнату қабілеті;

3) Деректерді талдау және негізделген қорытындылар жасау қабілеті;

4) Ауызша және жазбаша түрде тиімді коммуникация жүргізу қабілеті;

5) Студенттердің көшбасшылық әлеуетін дамыту қабілеті;

6) Белгісіздік, қысқа мерзімдер және жоғары жұмыс жүктемесі жағдайында тиімді жұмыс істеу қабілеті.

Тілдерді білуге қойылатын талаптар

Тиімді іскерлік хат алмасу, құжаттаманы, талдамалық материалдарды жүргізу, студенттермен және басқа құрылымдық бөлімшелермен, консультанттармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values

Resume ExampleCover Letter Example